Спорттық бәсекеде мемлекеттік қызметшілер
15 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні аясында «Демеу» спорт кешенінде спарта-киада өтті. Аталмыш шарада аудан әкімі Әшім Оразбекұлы мемлекеттік қызметшілерді мерекелерімен құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі.
Спорттық бәсеке Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Спартакиада 90-ға жуық қызметкердің жекелей 100 метр қашықтыққа жүгіруінен басталып, мылтық ату, армрестлинг (қол күрес), үстел теннисі, арқан тарту сынды сайыстармен жалғасын тапты. Қатысушылар әрбір бәсекеде жандарын салып, жеңіс тұғырынан көрінуді көздеді. Жүзден жүйрік шыққан мемлекеттік қызметкерлерге кубоктар мен алғыс хаттар табысталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мереке қарсаңында өткізілетін шаралар мұнымен тоқталып қалмақ емес. Алдағы уақытта аудан көлемінде түрлі эссе және жазба ақындар мүшәйрасы, сонымен қатар, өзге де байқау түрлері жалғасын таппақ.
Рамазан Әнәпия,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың студенті.