Жастар жарысқа түсті
«Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері» басқармасының тапсырысы бойынша «Жігер» Қызылорда облысы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Спорт бізді біріктіреді» атты спорттық шара өтті.
«Мүмкіндігі шектеулі жастармен жұмыс жасау бойынша әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында өткен шара Астана қаласының 20 жылдық және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арналған болатын.
Көкшоқы мөлтек ауданының спорт кешенінде ұйымдастырылған сайысқа 14-29 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жастар қатысты. Мұндағы мақсат – аталған санаттағы жастардың спорт арқылы потенциалын көтеріп, өзін-өзі таныту арқылы қоғамға етене араластыруды көздеді.
Дойбы ойнап, мылтық атудан жарысқа түскен жастардың өмірге, спортқа деген өзгеше қызығушылықтары көрініп-ақ тұрды. Жарыс қорытындысы бойынша, мылтық атудан І орынды Әкімжан Жүсіпов жеңіп алса, ІІ орынды Жарқынбек Бахрединов қанжығасына байлады. Ал, ІІІ орын Ержан Мүтәліпке берліп, арнайы дипломдар және заттай сыйлықтар табысталды.
Әбіл АСАН.