Гүлдене бер, Шиелім
Биыл міне, қасиет қонып, қыдыр дарыған Шиелі ауданының 90 жылдық мерейтойы. Сонау 1928 жылы құрылып, тарих беттеріне қатпар-қатпар болып қатталған аграрлы өлкенің 90 жылда өткерген белесін, жеткен жетістігін, алар асуын ауыз толтырып айтуға болады. Бүгінде дала төсінде ақ маржаны жайқалған өлкенің күріші әлемге әйгілі.
Тәуелсіздіктің ширек ғасырында қол жеткізген табысымыздың деңгейі жүз жылдықтар бойы жасаған, ата-бабамыз аңсаған игіліктерден де асып түсті бүгінде. Мәдениет, руханият, бизнес, агросекторда серпіліс, қарқынды өсім бар. Ауданда соңғы 3-4 жылда айтарлықтай мол табысқа қол жеткізді. Бұл жылдары өңірде жаңару, жасару кезеңін бастан кешті деп айта аламыз. Бір ғана жобалық құны 6 млрд. теңгелік аудандық аурухана құрылысының шешімі табылғанын айтсақ та жеткілікті.
Топырағын түртіп, тасын аударсаң тарихтан сыр шертетін құт дарып, бақ қонған қасиетті жер Шиелінің әлеуеті жақсарып, экономикасы артып, күннен-күнге жасарып, жаңарып келеді. Осының бәрі Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты мен көрегендінің арқасы. Дамыған озық елдермен тереземізді тең ұстап, еңсемізді тік көтеріп жүру үшін болашағымызға бағдар сілтеп, санамызды рухани жаңғыртып келеді.
Әлия СМАЙЛОВА,
№46 А.Пушкин атындағы мектеп-лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі.