Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ән қанатында қалықтаған Шиелі

Ән қанатында қалықтаған Шиелі


Биыл аудан көле­міндегі ауқымды тойлардың тізімі толастар емес. Астана қаласының 20 жылдық мерейтойынан бастау ал­ған қазыналы той, Қызыл­орда қаласының 200 жыл­дық, сондай-ақ, Шиелі ауданының 90 жыл­дық мерейтойлары аясындағы салтанатты шаралармен ұласуда. Аталмыш мерейтойларға орай рес­публика, облыс, аудан көлемінде түрлі мәдени рухани шаралар үздіксіз ұйымдастырылуда.
Соның бірі – «Арман» мәдениет үйінде өткен Шиелі ауданының 90 жылдық торқалы тойына орайластырылған «Маржаны Сырдың Шиелім» атты мәдениет қызметкерлері арасындағы аудандық ән байқауы. Өнердің үлкен саласының бірі эстрадалық вокалдық ән айту өнері болатын болса, аудандық мәдениет қызметкерлері бұл сайыстан да абыройлы нәтижелерге қол жеткізді. Шежірелі Шиелі туралы әндер орындалып, қазақ композиторларының шығармаларымен астас­қан ауқымды шара, өнер сүйер қалың көпшіліктің көңілінен шықты дей аламыз. Күні бойы сахнаның қыр-сырына қанықтырып, өнер­ге құштар көрермен­нің көңілін думанға бөле­ген аудандық байқау да өз мәресіне жетті. Сонымен, қазылар алқасы­ның шешімімен бас жүл­дені Жиделіден кел­ген­ Р.Қалкөзов жеңіп алса, 1-орынды ақмая­лық Р.Рүстемова қанжыға­сы­на байлады. Ал, 2-ор­ын­­ды Алғабастың өнер­пазы Н.Әбсұлтанов иемденсе, 3-орынды Тартоғай­ ауылынан кел­ген Ғ.Каденова мен «Армандық» Ө.Мінуаров өзара бөлісті. Жүзден озған жүйріктер, жеңіс тұғырынан көрініп, баға­лы сыйлықтармен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Дина ӘБІЛАСАН.
09 қазан 2018 ж. 1 846 0