Өнерге әркімнің-ақ бар таласы...
Жалпы өнер өздігінен өрістеп, дамымайтыны белгілі. Оған қашан да қолдау керек. Бүгінде ұлттық ән-күйімізді, жырларымызды өз нақышынан айырмай, замана үнімен үндестіріп, насихаттау өте маңызды. Талантты өнерпаздарды анықтау, қолдау және олардың шығармашылығын дамыту мәдени-демалыс мекемелерінің басты бағыттарының бірі. Осы ретте, «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің жас өнерпаздарды қолдауы мен жасап жатқан жұмыстарын атамасқа болмас.
Сонымен, аудандық мәдениет үйінде жоғарыда аталған бірлестікітің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы Шиелі ауданының 90 жылдығына арналған халықаралық өнер фестивалінің өтуі сөзімізге айғақ болардай.
Аталған байқау өнердің бірнеше жанрларын қамтыды. «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы…» дегендей, облыстық деңгейде өткен байқауға Арал, Қазалы, Жалағаш аудандарынан келген өнерлі өрендер бақ сынасты.
Нәтижесінде, аудандық музыка мектебінің оқушылары мен Динара Оразованың жетекшілігіндегі аудандық «Жас дәурен» би ансамблінің өнерпаздары жеңіс тұғырынан көріне білді. Өнер бәйгесіне қатысқан балалардың барлығы дерлік арнайы дипломдармен және алқалармен марапатталды.
Д.ӘБІЛАСАН.