Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбекшіде ән байқауы өтті

Еңбекшіде ән байқауы өтті

Жұма күні Еңбекші ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Шиелі ауданының құрылғанына 95 жылдық мерейтойына арналған «Ән салсам болама» атты шара өтті.
Шараға ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Бекқожаев, ауылдық әйелдер кеңесінің төрағасы Ұ.Бәтішова, ауыл әкімі Б.Серікбайұлы, ауыл тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, жаны жайсаң ұстаздар мен балабақша тәрбиешілері қатысты.
Шара барысында Еңбекші ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Жеңіскүл Бердібекова «Жолыққан қандай жақсы» әнін орындаса, «Әділжан» бала бақшасының тәрбиешісі «Бір шәугім шай» әнін орындады. Дене шынықтыру пәні маманы Тәжен Нәзік «Елге сәлем», «Нұрбөбек» балабақшасының тәрбиешісі «Аппағым», №84 Қосүйеңкі мектебінің ұстазы Гүлфира Бекжапбарова «Анама» әнін орындап, қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Шара соңында сахна төрінде өнер көрсеткен жандарға ауыл әкімінің алғыс хаттары табысталып, бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Дархан Ғалымжанұлы
28 қараша 2023 ж. 396 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031