Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйірменің үйретері көп

Үйірменің үйретері көп

Жуырда Ш.Қодаманов ауылдық мәдениет үйінде үйірме мүшелерімен және мәдениет үйінің жанынан құралған «ART life» үйірмесімен бірлесе отырып, «Үйірменің үйретері көп» атты үйірмелердің бір жылдық қорытынды есеп беру кешін өткізді. Аталған кешке Тұран ауылдық округі әкімі ­Болат Баймағанбетов және ардагерлер кеңесінің төрағасы Бодыбай Құлахметов, Ш.Қодаманов ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған «ART life» өнер орталығының директоры Айсұлу Искакова қатысты.
Үйірменің бір жылдық есеп беру кеші ең әуелі Тұран ауылдық округі әкімі Болат Баймағанбетовтың құттықтау сөзімен басталды. Бұдан әрі кешке келген қадірлі қонақтар сөз алып, барша ауыл тұрғынына ыстық лебіздерін жеткізді. Мерекелік кеш үйірме мүшелерінің өз өнерлерін көрсетуімен басталды. Атап айтар болсақ, бейнелеу өнері мен қол өнер үйірмесінің мүшелері өз өнерлерін көрермендерге көрсетіп таң қалдырса, ән үйірмесі мен би үйірмесінің мүшелері «Тәуелсіздік елім» әнін шырқап, көрермендердің қошеметіне бөленді. Сондай-ақ ән үйірмесінің қыздары Үкітай Ерниязовтың «Шиелім» әнін шырқап, сахнаның сәнін келтірді. Ал көркемсөз үйірмесінің мүшесі Жанель Серікбай «Мәншүктің монологын» орындап, қонақтардың жүрегінен жол тапты. Домбыра үйірмесінің мүшелері «Секіртпе» күйін орындаса, ән үйірмесінің жетекшілері халық әні «Елік-ай» әнін шырқады. Сонымен қатар өнер көрсетуден «Дидар» би тобы да қалыс қалмады. Мәселен, ортаншы би тобы ұлттық биді билесе, кіші би тобы заманауи би билеп қалың көпшілікті қуантты. Сондай-ақ Мирас Дүйсенов «Сыр елім» әнін шырқап көрерменнің алғысын алды. «Дидар» би тобы мың бұрала билеп сахнаға шықса, ән үйірмесінің мүшелері мен жетекшілері «Балдәурен» әнін орындап шықты. Кеш соңы от шашумен аяқталып, ата-аналар мен кешке қатысушылар керемет көңіл-күйде тарқасты.
Айта кетейік, Шеген Қодаманов ауылындағы «ART life» орталығын 2021 жылы 14-желтоқсанда жеке кәсіпкер «Искакова» ашты. Аталған өнер орталығы қазіргі таңда өз деңгейінде жұмыс істеп, айтарлықтай жетістіктерге жетіп келеді. Оған дәлел – үйірме мүшелері былтырғы жылы түрі байқауларға қатысып жеңімпаз атанды. Атап айтар болсақ, қатысушылар халықаралық, республикалық, облыстық додаларда көш бастап, жүлделерді қанжығасына байлап келеді.

Б.Арыстанова,
Ш.Қодаманов ауылдық
мәдениет үйінің директоры
06 ақпан 2023 ж. 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031