Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйірменің үйретері көп

Үйірменің үйретері көп

Оқушылар үйіндегі үйірмелер мектеп оқушыларының бос уақытын мазмұнды да мағыналы өткізуге жол ашады. Сонымен қатар балалардың спорт машықтары мен өнерін шыңдауға және танымын кеңейтуге үлес қосады.
Осындай игілікті істерді балаларға үйірме жұмыстары арқылы үйретіп, сурет салу мен халықтық қолөнер бұйымдарын жасауға баулуда Оқушылар үйіндегі қосымша білім беру педагогтары М.Оспанова мен Л.Кәрібаеваның орны бөлек. Олар жетекшілік жасайтын «Шебер қолдар», «Жас суретші» үйірмелері биылғы оқу жылын абыроймен аяқтады.
Әрбір жақсы істің басталуы мен бірге жоспарға лайық жүргізілуі және қорытындыланып отыруы сол шараның өзіндік қалпын биіктетеді. Мәселен, Ы.Жақаев ауылдық мәдениет үйінде жоғарыда сөз етілген үйірмелердің талапты, өнерлі, дарынды шәкірттері дайындаған «Біз өнерлі баламыз» атты шығармашылық көрмесі көпшілікті сүйсінте білді. Көрмеде үйірме оқушылары дайындаған сан түрлі үлгідегі қолөнер жұмыстары, табиғат пен өмірді бейнелеген суреттер қойылды.
Көрмені тамашалаған ата-аналар мен мәдениет қызметкерлері, қосымша білім беру педагогтары балалардың өнеріне ризашылықтарын білдірді. Көрменің алғы сөзін сөйлеген Оқушылар үйі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ­Рахметулла Жолтаев үйірме оқушылары мен ата-аналарға, оқу жылында Оқушылар үйімен бірлесе ынтымақтастық аясында жұмыс жасаған Ы.Жақаев ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлеріне алғысын білдірді. Одан соң балаларға Оқушылар үйі атынан дайындалған мадақтамаларды, ата-аналар мен Ы.Жақаев ауылдық мәдениет үйінің басшысы Ж.Әбдиеваға Алғыс хаттарды табыстады.
Көрме барысында үйірме оқушыларының ата-аналары мен мәдениет үйінің қызметкерлері Оқушылар үйіндегі үйірме жұмыстарына оң баға беріп, жылы лебіздерін арнады. Көрме жұмыстары мен қатар үйірме оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама бойынша әндер шырқалып, бишілер мың бұрала биледі.
Шығармащылық көрме естелік суреттерге түсумен жалғасты.

Р.Жолтаев,
Оқушылар үйі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары
23 мамыр 2022 ж. 823 0