ҮЙІРМЕНІҢ ҮЙРЕТЕРІ КӨП
Өскелең ұрпақты жаңашылдыққа үйретіп, табиғатты аялауға тәрбиелеу мақсатында кеше Аудандық оқушылар үйінде «Ғылым және спорт» бірлестігінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Сырғабаев, Аудандық кітапхана қызметкері Ж.Қабілешқызы, Жастар ресурсытық орталығы басшысының міндетін атқарушы Н.Сапарбаев қатысты.
Онда шәкірттер дайындаған қол өнер туындыларын тамашалап, үйірме жұмыстарымен танысты. «Жас зерттеуші», «Жас техник», «Жас натуралистер», «Жас биолог», «Раушан гүл», «Салауаттану», «Спорттық ойындар», «Робота техника», «Стол теннис» секілді 9 үйірмеден тұрады. Шараның басты мақсаты — жасөспірімдерді спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды жаңа технологияға баулу дейді ұйымдастырушылар.
Салтанатты шара оқушылардың үйірмедегі жұмыстарын тамашалаумен басталып,үйірме қыздарының бейнебаяны көрсетіліп, шара қонақтарын таң-тамаша етті. Ары қарай шәкірттер әуезді әндерін шырқап, балалардың «робот» атты керемет биімен ұласып, салтанатты шараның көркін аша білді. Айта кетейік оқушылар үйі қазірдің өзінде тәжрибелі ұстаздармен қатар, шәкірттерімен де мақтана алады. Ал, ата-аналар қабілеті қарымды балалардың ел мақтанышына айналарына сенімі мол. Осындай іс-шаралардың өтуі балаларға керемет тәрбие беруде.
Сымбат Серікқызы