«Абай залы» ашылды

Ұлы ойшылдың құрметіне орай ұйымдастырылған шара әуелі Абай келбетін бейнелеумен түрілді. Одан әрі кітапхана қызметкерлері Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін, әндерін нақышына келтіре орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Салтанатты шарада кеш қонақтары И.Сәрсенбайұлы, Ө.Исмаил, Ә.Тәжиева, Г.Назарбаева сөз алып, аталған шара туралы өз ойын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді. Олар «А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына әрбіріміздің үлес қосу керектігімізді айта келіп, ойшылдың шығармашылығын оқуға шақырды, ал ардагер Ө.Исмаил тарапынан «Абай залын» көшпелі етіп ұйымдастырып, аудандағы білім ошақтарына апару керек деген ұсыныс тасталды. Сонымен қатар «Нартай» өнер мектебінің директоры М.Бекпейісов бастаған өнер ордасы да осы кешке өз үлесін қосты. Олар Абай атамыздың әндерін қалықтата орындап, көпшілікті дән риза етті. Жиын соңы кітап көрмесін тамашалаумен аяқталды.
Фариза КЕНЖЕШОВА