Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Адамзаттың Абайы" атты іс-шара өтті

"Адамзаттың Абайы" атты іс-шара өтті

Ұлы Абайдың туған күніне орай Алматы қаласы әкімдігі "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында дәстүрлі "Адамзаттың Абайы" атты іс-шара өткізді. Айтулы іс-шараға еліміздегі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, өнер сүйер қауым, оқырмандар, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар Одағы атынан Одақ Төрағасы орынбасарлары Бауыржан Жақып пен Бақыт Беделхан келді. Белгілі ақын Бауыржан Жақып Абайға арналған өлеңін оқыды. Ұлы Абайдың туған күніне орай өткізілген шарада мектеп оқушылары Абай өлеңдері мен қара сөзінен үзінділер оқып, театрланған қойылым қойылды. Ақындар: Қайсар Қауымбек, Әділет Ахмет, Батырхан Сәрсенхан, Мақпал Мыса және Алтыншапақ Хаутай ұлы ақынға арнау өлеңдерін оқыды. Дәстүрлі әнші Талғат Әбуғазы Абайдың "Көзімнің қарасы", "Сегіз аяқ" әндерін нақышына келтіріп орындады. Бұдан бөлек жиналған қауым ән тыңдап, оқушылардың оқуындағы Абай өлеңдерімен сусындап қайтты. Айта кетейік, келесі жылы Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл. Айтулы мерейтойға орай елімізде Абай өлеңдерін оқу эстафетасы жалғасып жатыр. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та сырт қалмаған эстафетаға елімізден бөлек 12 елде, атап айтсақ, Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Италия, Египет, Түркия, АҚШ, Украина, Австралия, Қырғызстан, Франция және Қытай елінің интернет қолданушылары да ат салысқан.

Massaget.kz
11 тамыз 2019 ж. 1 790 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930