Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Махамбет мұрасы

Махамбет мұрасы

Аудандық балалар кітапханасында Махамбет Өтемісұлының 215 жылдығына орай «Елім деп өткен есіл ер» атты әдеби қойылымды жыр кеші болып өтті.Шараға кент мектеп­терінің 5-8 сынып оқушылары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты. Алдымен, кешті ұйымдастырушы Перуза Түлкібай оқырмандарға қазақ халқының бір­туар ұлы Махамбет Өтемісұлының өмірі мен еңбектері жайлы қысқаша мағлұмат берді. Мектеп оқушылары ақын­ның ерліктері мен өмір деректерінен, Жәңгір ханның билері­мен ақылдасып отырған сәттерінен көріністер көрсетті. Сондай-ақ, оқушылар ақынға арнаған жырлары мен Махамбеттің өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Кітапханада дана бабаларымыздың өмірі мен еңбектері жайлы жазылған кітаптар мен мерзімді басылымдарға жарияланған мақала­лардан жинақталған «Дана бабалар» атты көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кешті кітапхана меңгерушісі Ұлторы Ешмаханова қорытындылап, оқырмандарға риза­шылығын білдірді. Шара қызықты да тартымды болып өтті.

Асылым ДҮЙСЕНБАЙ.
09 ақпан 2019 ж. 2 009 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930