Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған жерім мекенім, сені жырлап өтемін

Туған жерім мекенім, сені жырлап өтемін

Жуырда Балаби ауылдық кітапханасы мен мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында қабылданған «Туған жер» бағдарламасы – өлкеміздің тарихын терең танып, бағзы заманнан жеткен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, бүгінгі ұрпақ қолына табыстауға бағытталған шара өтті. Онда Бала би ауылы мен Шиелі ауданының 90 жылдығына орай «Туған жерім мекенім, сені жырлап өтемін» атты мәдени кеш орын алды.
Кешті ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұ.Оразов пен әкімшілік маманы Н.Оспанов ашып берді. Ауылдағы мекемелер іс-шараның өтуіне бір кісідей атсалысты. Атап айтар болсақ, әуез мектебі жетекшісі Ә.Мұсабаева ауылдық емхана меңгерушісі Ж.Ертаева, «Жадыра» балабақшасының меңгерушісі Ж.Талманова, «Мұрагер» балабақшасының меңгерушісі Г.Жұмабаева, «Асылым» балабақшасының меңгерушісі К.Әшірбекова және №50 Абай мектебінің ұжымы. Е.Атабаев, П.Шорманова, С.Әлжановалар туған жер туралы әндер шырқаса, Бала би ауылдық кітапханасы жанынан құрылған «Дарын» көркемсөз оқу үйірмесінің мүшелері Т.Күзембаев, А.Сәруарова, Ж.Ақбердіқызы өз шығармашылықтарынан туған жерге арнаған өлеңдерін оқыса, Б.Мырзабай, Ж.Серікбаева, Н.Пірімбаева, Д.Иманғали, Ж.Жұматқызы ақын-жазушылардың туған ел, Отан туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен бірге бала Бименбеттің Бала биге айналғанын, «Жер анамен жерұйықты іздеген баланың» көрінісі көрсетілді.
«Ауылым – Алтын бесігім», «Шежірелі Шиелі» атты кітап көрмесімен кітапханашы А.Дурманова таныстырды. Іс-шара соңы «Атамекен» әнімен қорытындыланды. Келген ауыл тұрғындары ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
04 сәуір 2018 ж. 2 530 0