Ақын есімі – ел есінде
Кітап – білімнің қайнар көзі. «Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деген сөз оның ұлылығын əспеттеп тұрғандай. Технологияның дамыған заманында кітапқа деген сүйіспеншілік азайғаны шындық. Қазіргі заманда елдің бəсекеге қабілеттілігі білім жүйесімен есептелген уақытта мектептердің жұмысы айқындала түскендей. №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицей оқушыларының қатысуымен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына орай, аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ақын есімі – ел есінде» атты әдеби кеш өтті.
Сұлтанмахмұт Торайғыров елдің мұң-мұқтажын ерте түсініп жырлаған ақын. Бала күнінен жазған өлеңдерінің өзінен-ақ ол әлеуметтік теңсіздікті, халықтың қоғамдық өміріндегі мешеулікті жіті көзқараспен таныды. «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам» деп, ақын қара басындағы міндетті ғана айтып қойған жоқ, өз халқының дертіне ем табу, мәдениетті, мұқтаждықты ерікті етуді ойлады. Бар мақсаты оқу, өнер болған ақын кім не нәрсені ардақтай білсе, сол нәрсенің қадіріне жетіп жақсысын да асыра біледі деп насихаттады.
Кеш барысында оқушылар ақынның шығармаларын жан-жақты талдап, «Қамар сұлу» романына тоқталып, кейіпкерлерді жеке-жеке даралап көрсетті. Сөйтіп, романның көркемдігін сезініп, сөз құдіретін терең түсінді. Сонымен қатар, оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, көріністер қойды. Әсіресе, Балнұр Нұрланқызының ақынға арнауы көпшілікті бір сергітіп тастады. Аталған мектеп-лицейінің кітапханашысы Т.Нәбішова мен Г.Саркеева да атсалысып, әдеби кештің жақсы өтуіне қолдау көрсетті.
Шара соңында, Гүлдана Жақыпова жылы лебізін білдірді. «Кітаптағы өлең шумақтары, шығармалары жүрегіме дәрі іспеттес. Кітап біз үшін әрі білім, әрі ғылым, әрі өнер, әрі мәдениет, әрі әдебиет. Өйткені, ол қашанда қасымыздан табылып, қойнымызда жүреді, бізді ілгері сүйрейді. Шараның мақсаты да оқырмандарға осыны ұқтыру» – деді. Одан кейін, кітапхана басшысы аталмыш мектеп мұғалімі Ж.Сүйінова мен оқушыларды алғыс хатпен марапаттады. Қоғамның рухани әлемі бай болу үшін осындай кітапханамен бірлескен шаралар көптеп өткізілсе, өскелең ұрпақ үшін үлкен тәрбие мектебі бола бермек.
Жұлдызай
ноғайбайқызы.