Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім мен ұлттық сананың кілті

Білім мен ұлттық сананың кілті


Мемлекеттік тіл – ұлттық сананың ең бас­ты кілті. сөйлеу арқылы санамыздың бір түкпірінде жатқан өткен тарихқа деген көзқарасымызды түзейміз, келешекке деген сеніміміз ұлғаяды ұлттық сананы қалыптастыру жолында тілдің атқарар рөлі өте маңызды. Жер бетіндегі адам баласына қатысты дүниенің негізі кілті тіл болса, сол тіл арқылы адам мен адам, қоғам мен қоғам, қауымдастықтар мен өркениеттер танысып ұғысады.
Тіл – халықтың ең басты және ең үлкен белгісі. Кез келген халықтың өз ана тілі болады. Атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тілдер мерекесіне орай, аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Тіл – білім мен ұлттың кілті» атты әдеби-әуезді кеш өтті. Шарада №219 мектеп оқушыларының қатысуымен тіл туралы өлеңдер оқылып, әндер орындалды. Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, көріністер қойылды. Әсіресе, Олжас Досмағанбетовтің домбырамен орындаған өлеңдері қатысушыларды бір сергітіп тастады.
Әдеби-әуезді кештің мақсаты – оқушыларды ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсінуге баулып, сана сезімге сіңдіре білу. Тілдің адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету, сондай-ақ, тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге болашақ жастарды атсалысуға шақырды.
Шара соңында, аудандық орталық кітапхана директоры Г.Жақыпова қатысушыларды алғыс хатпен марапаттады.

Ж.Қауғанбаева.
25 қыркүйек 2018 ж. 1 914 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930