Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҚАЛАҒАҢНЫҢ ҚАЛЖЫҢДАРЫ – ХАЛЫҚ МҰРАСЫ» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«ҚАЛАҒАҢНЫҢ ҚАЛЖЫҢДАРЫ – ХАЛЫҚ МҰРАСЫ» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ


Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында белгілі драматург - жазушы, аудармашы, сыншы, қоғам қайраткері Қ.Мұхамеджановтың 90 жылдығына арналған «Қалағаңның қалжыңдары – халық мұрасы» атты  әдеби кеш  ұйымдастырылды.
«Қалтайдың кеудесінде өмірде сарқылмайтын алтын ұядай – күлкі ұясы бар. Сол ұядан оның сүйгеніне де, сүймесіне де арналған күлкілері кезектесе ұшып тұрады», - деп қазақтың классигі Ә.Тәжібаев айтқанындай Қ.Мұхамеджановтың қалжыңы, әзіл-күлкісі астарында ғаламат білім, қатпарлы ой жататын. Оның әрбір сөзі айналасына ой сәулесін  төгіп, адамдарды жадыратып, әрі ойландырып тастайтын. «Қалтай айтыпты» деген әрі терең, әрі ойға ұялай қоятын алғыр да қанатты сөздер жетіп артылады. Сол кестелі сөз кемеңгерінің қалжыңдарына арналған кештің мақсаты өткір сөз, тапқыр  ой, әдемі әзіл, қазақы қалжың арқылы ой тастау, тәрбиелеу, жастардың сана-сезімін ояту.
Іс-шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері мен оқытушылары Қазыбай Құдайбергенов, Айман Айтбаева, Абылайхан колледжінің студенттері қатысты.         
Қызылорда облысының ресми интернет-ресурсынан. 
08 сәуір 2018 ж. 1 729 0