Зейнулла Шүкіровтың 90 жылдығына арналды

Бір жұлдыз болып жанам мен,
Бір жұлдыз болып қалам мен - деп Зейнулла Шүкіров жырлағандай, жыр керуені алға жылжыған сайын ақынның артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Зейнулладай біртуар перзенті бар халық шынымен бақытты халық. Оның шығармалары отанға, туған жерге, балалық махаббатына дегшен шынайы сезімі тайға таңба басқандай "мен мұндалап" тұрады. Осы орайда қаламыздағы №15 мектеп-лицейінің оқушылары арасында жыр мүшайрасы болып өтті.