Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада "Ақ ордалы Астана" халықаралық поэзия кеші өтті

Елордада "Ақ ордалы Астана" халықаралық поэзия кеші өтті


Іс-шараға танымал отандық және әлемдік деңгейдегі белгілі ақындар қатысты. Қазақстан астанасының 20 жылдығын мерекелеу құрметіне Астанада "Ақ ордалы Астана" халықаралық поэзия кеші өтті, деп хабарлайды  BNews.kz тілшісі.
Іс-шараға танымал отандық ақындар мен әлемдік деңгейдегі танымал ақындар қатысты. Олардың қатарында Финляндиялық ақын, эссеші, славян, орыс әдебиетінің аудармашысы Юкка Маллинен, жетпіс кітаптың авторы, ақын, Шанхай университетінің профессоры Оуянг Ю, Армениядан ақын, баспагер Гагик Давтян, Ресейден ақын, прозашы, сыншы, "Әдебиет газетінің" бас редакторы Максим Замшев, Қырғызстаннан ақын Акбар Рыскұлов, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет пен отандық ақын-жазушылар бар.
Халықаралық поэзия кешінің негізгі мақсаты - Қазақстан халқының бірлігін сақтау, еліміздің мәдени ерекшеліктерінің әртүрлілігін дамыту, Қазақстан халқының достығы, бірлігі мен патриотизмін нығайту, Қазақстанның мақтанышы, бейбітшілік пен төзімділік символы, еуразиялық мәдениет орталығы - Астананы "Әлемнің қаласын" көрсету болып табылады.
Іс-шара аясында  "Әлем ақындары Қазақстанды жырлайды" атты шығармалар жинағы жарыққа шығып және ақындардың Астанаға қатысты жырлаған өлеңдерінің бейнеролигі түсіріледі.
"Бүгін  қазақ әдебиеті үшін айтулы күн. Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына орай әлем ақындарының қатысуымен "Ақ ордалы – Астанам" халықаралық поэзия кеші өз жұмысын бастады. Шетелдік ақындармен қатар Отандық әдебиет әлемінің майталмандары, бүгінгінің ақиық ақындары Астанаға өлең арнап, Қазақ елі жайлы қалам тербеп жатыр. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" аты бағдарламалық мақаласында, рухани жаңғырудың басты шарты – мәдениетіміз бен ұлттық кодымызды сақтап қалу. Онсыз рухани жаңғыру құр жаңғырық болып қалады деп баса айтты. Еліміз жүргізіп отырған саясатта мәдениетке аса көңіл бөлінген. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, ұлттық мәдени мұраны насихаттау мақсатында әдебиетімізге идеологиялық мән берілген. Қазақстан, Астана және Елбасы турасындағы тақырыптың қозғалуы және олардың қазақ, ағылшын, орыс тілдеріне, сондай-ақ БҰҰ мақұлдаған ресми шет тілдеріне аударылуы біз үшін үлкен мәртебе болмақ", - деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. 
bnews.kz
01 қыркүйек 2018 ж. 2 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930