ӘР ӨЛЕҢІ – БІР ӘЛЕМ

Кешке поэзия әлеміне жаны құштар жас таланттар, ұстаздар мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері, шығармашылық өкілдері қатысты. Мазмұнды шараны аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Гүлшат Рысқалиқызы лирик ақын Мұқағалидың сезімге толы әнімен ашып, көрерменге ақынның өлеңдері, өнегелі өмір жолы туралы естеліктермен бөлісті.
Әдебисазды кеште қатысушылар мұзбалақ ақын Мақатаевтың өлеңдерінен үзінділер оқып, «Нартай» өнер мектебінің өнерпаздары ақынның сөзіне жазылған әндерді нақышына келтіре орындады. Кештің бір мазмұндылығын аша түскен оқиға ақынның «Қазақ радиосының» алтын қорында сақталған өз даусы тыңдалып, көрермен ерекше әсерге бөленді. «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылданжылға, ғасырдан ғасырға өте бермек.