Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Болат Назарбаевтың қызына тиесілі компания міндетін толық атқармай отыр – депутат

Болат Назарбаевтың қызына тиесілі компания міндетін толық атқармай отыр – депутат


Айдос Сарым, фото: parlam.kz

Қазақстанның тұңғыш президентінің бауыры – марқұм Болат Назарбаевтың қызы Ақбота Назарбаева шекара заставаларын салатын компанияны басқарып, ірі тендер алған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Айдос Сарым депутаттық сауалын Бас прокурор Берік Асыловқа жолдап, TOLAGAI-2050 компаниясын тергеп-тексеруді сұрады.
«Қазақстанның аумақтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 50 шекара заставасын салу жоспарланған. 2022 жылы 20 шекара заставасын салу бойынша тендер жарияланды. Нәтижесінде 53 млрд 894 млн теңге сомасына мердігерлік ұйымдар Kapital construction ЖШС және TOLAGAI-2050 ЖШС-мен жалпы шарттар жасалды. Оған сәйкес, TOLAGAI-2050 компаниясы 40 млрд 350 млн теңге сомасындағы 15 шекара заставасын салуға тиіс еді. Жұмысты орындау мерзімі 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Алайда жоғарыда көрсетілген шарт бойынша мерзім өрескел бұзылды», - деді Айдос Сарым.

Сонымен қатар жүргізілетін жұмыстардың сапасына шағымдар түскен.

Қолда бар ақпарат бойынша, TOLAGAI-2050 ЖШС биыл 1 қазанда тек 13 млрд 960 млн теңгені игерді. Бұл шарттың жалпы сомасының 35%-ы игерілді деген сөз. Осы объектілер бойынша TOLAGAI-2050 компаниясы шартты орындау мерзімін тағы 9 айға ұзартуды сұрайды. Бұл жобаның айтарлықтай қымбаттауына алып келуі мүмкін, - деді депутат.

Айдос Сарым аталған компания өз жұмысын тиісті деңгейде атқара алмай отырғанын айтты.

«TOLAGAI-2050 ЖШС Алматы қаласы мен Павлодар облысындағы суару желілерін реконструкциялау, Сайрам су қоймасындағы механикалық тазарту және тағы басқа жобалар бойынша жаңалықтарда бірнеше рет сынға ұшыраған компания болып көрсетілді. Компания 80-нен аса азаматтық және әкімшілік сот тергеп-тексеруіне қатысты. Оның 10-нан астамы 2023 жылы өтті. Оның ішінде мемлекеттік сатып алу рәсімінде міндетін адал орындамаушы деп танылды.

Бұл ретте Көлік министрлігі автомобиль жолдары комитеті осы жобаның тапсырыс берушісі бола отырып, оған толық заңды негіздері болса да, осы күнге дейін шартты бұзу жөнінде шешім қабылдамаған. 2022 жылғы 3 ақпанға дейін осы компанияның құрылтайшылар тізімінде марқұм Болат Назарбаевтың қызы Ақбота Назарбаева болған», - деді депутат.

Депутат шекара заставаларын салу Қазақстанның аумақтық қорғанысын қамтамасыз үшін маңызды екенін жеткізді.

Құрылыс мерзімдерінің бұзылуы елдің аумақтық тұтастығын бұзу, есірткі тасымалы мен басқа да тыйым салынған өнімдердің заңсыз айналымы, жеке тұлғалардың Қазақстан аумағына заңсыз көшіп-қону қаупінің артуына алып келуі мүмкін, - деп сөзін түйіндеді Айдос Сарым.

Бұған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаева «Барахолкадағы» әр сауда орнын 10 мың долларға сатқаны хабарланған еді.
13 желтоқсан 2023 ж. 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930