Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаевтың сайты іске қосылды

Назарбаевтың сайты іске қосылды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа сайты іске қосылды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Твиттерде жазды.

«Достар, Тұңғыш Президенттің ресми интернет-ресурсы Elbasy.kz  іске қосылды. Жаңа сайтқа байланысты ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді, тілектеріңізді осы посттың астына қалдырсаңыздар қуанар едім», - деп жазды Айдос Үкібай.

Елбасы өкілеттілігін тоқтатқаннан кейін өзіне қатысты ақпараттар Ақорданың ресми сайтында жарияланған болатын. Кеше Айдос Үкібай жаңа сайт іске қосылатынын алдын ала хабарлады. Қазір жаңа сайт Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы жаңалықтарымен толтырылған.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны, президент болып сайланған күннен бастап қызметтік жолы, халықаралық беделі мен мемлекет астанасы Нұр-Сұлтан қаласы туралы мәліметтерді сайттан оқуға болады.
03 шілде 2019 ж. 1 060 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930