Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Айдос Сарым: Елбасы ел үшін маңызды шешім қабылдауда саяси көрегендік танытты

Айдос Сарым: Елбасы ел үшін маңызды шешім қабылдауда саяси көрегендік танытты

BAQ.KZ. Осыдан тура бір жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттілігін өз еркімен тоқтатты. Танымал қазақстандық саясаткер Айдос Сарым Тұңғыш президенттің шешіміне қатысты пікір білдірген еді.

Саясаткер Қазақстандағы саяси транзит жөнінде сөз қозғай келе, Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген шешім қабылдағанын айтады.

Қалай болғанда да, қашанда өзінің "мұрасына", орнына, тарихи ағымдағы рөліне ерекше назар аударатын тұңғыш президент өзі үшін де, елі үшін де маңызы жоғары шешім қабылдау жолында барынша саяси көрегенділік танытты. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктің жай-жапсарын бес саусағындай жақсы білетін америкалықтар айтпақшы, political animal екенін үнемі айтатын едім. Ішкі-сыртқы қыспақты елемей, ол мұндай шешімді қалай болғанда да өзі қабылдады. Иә, біз оның бұл шешімді қабылдауда кеш қалғанын айтып, "егер де бұлай болғанда, қалай болар еді..." деп талқыға сала береміз. Бірақ, енді мұның саяси процесс тұрғысынан еш маңызы жоқ, - дейді саясаткер.

Айдос Сарым Қазақстан үшін аса қиын кезеңде биліктің маңызды қадам жасай білгеніне де тоқталды.

Біз жаһандық ойыншылар арасындағы санкциялық шайқастарға, геосаяси қақтығыстарға біздің елді де тартуға тырысқандардың әрекетіне куә болдық. Бұл халқы алдында белгілі бір дәрежеде имиджін жоғалта отырып, елді жағдайдан абыроймен шығара білген билеуші тарап үшін өте жағымсыз сабақ болды. Әлем шынымен күрделене түсті, қазір ол трансформация процесінде. Мемлекет деген - бұл орнын ауыстырып қоюға болатын қоларба емес. Тіпті, мемлекетті чемодан деп елестеткен күннің өзінде, біз өздігімізден оны қайда орналастыру керектігі жөнінде мәмілеге келе алмас едік. Кейбір замандастарымыздың географиялық карта мен тарихқа көз жүгіртпей, қандай да бір вектор туралы ой қозғай бастағаны қынжылтады – дейді ол.

Сондай-ақ Айдос Сарым Қазақстанның әлі де Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін тырысуы керек екенін айтты.

Қазақстан – абсолюттік тәуелсіздік дегеннің саяси идеалға, мақсат пен миссияға ұмтылу екенін түсіне отырып, тәуелсіз ел болуға тырысуы тиіс жас мемлекет. Бірақ, кез келген идеал сияқты, мұнда да бір идеалистік және мүмкін емес дүние бар,-дейді ол.
19 наурыз 2020 ж. 547 0