Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы наурызда үлкен жиын өткізеді

Елбасы наурызда үлкен жиын өткізеді


Нұрсұлтан Назарбаев биылғы 18 наурызда үлкен жиын өткізеді, деп хабарлайды Елбасының баспасөз хатшысы
 Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 18 наурыз күні Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
"Nur Otan партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 18 наурызында партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды. Партияның негізгі міндеттері талқыланады", - деді Айдос Үкібай.
Бұған дейін Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдаған болатын. Тұңғыш президентке партия активінің сапалық құрамын жақсарту бойынша жұмыс пен саяси кеңес кеңейтілген отырысына дайындық туралы есеп берілді.



05 ақпан 2020 ж. 1 066 0

Қоғам

ҚАРЫЗҒА БАЙЛАНҒАН ҚОҒАМ

08 желтоқсан 2025 ж.

ЖӨЛЕКТІҢ ЖАҢАРҒАН КЕЛБЕТІ

08 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031