Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Басты байлығымыз – бейбітшілік

Басты байлығымыз – бейбітшілік


Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеуінде кезектен тыс сайлауға аса жауапкершілікпен қарайтынын мәлімдеді. Біздің еліміз ашық демок­ратиялы мемлекет. Сондықтан, Президент тікелей халықтың таңдауымен сайланады. Әрине, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ халқы үшін жасаған еңбегі орасан зор. Енді келесі Президенттен де халық көп үміт күтеді. Жер-жаһанда түрлі қақтығыстар мен дүмпулер болып жатқан мына заманда ең басты байлығымыз – бейбітшілік. Сол үшін еліміздің әр азаматы Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолында өз үлесін қосуы қажет деп білемін. Алдағы кезектен тыс Президент сайлауын барлығымыз бірге абыроймен атқарып шығайық.

Есіркеп Шәдібеков,
ардагер, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы».




Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұртшылыққа жариялаған үндеуі аса маңызды тарихи оқиға. Себебі, мемлекеттің қоғамдық-саяси келісімін қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін дәл осындай шешім қажет.
Яғни, ҚР кезектен тыс Президенттік сайлауын өткізу – уақыт және қоғам талабы болып отыр. Қазіргі жағдайда әлемдегі ахуал бұлыңғыр. Бұл Отанымыздың қауіпсіздігіне қатер әкелуі мүмкін. Осындай жағдайда қазақ мемлекетіне айқындық қажет.
Сондықтан, Президенттік сайлау өткізу барынша дұрыс қабылданған шешім және мен бұл шешімді толық қолдаймын.

Кенжетай ПАЛМАҒАНБЕТОВ,
Ақмая ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы,
ардагер ұстаз.
23 сәуір 2019 ж. 1 242 0