Сайлаудың әділ өтетініне сенімдімін
Кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасап, ағымдағы жылдың 9 маусымда кезектен тыс Президенттік сайлау өтетіндігі туралы мәлімдеме жасағанын баршамыз көріп, оның бұл шешіміне іштей қолдау білдіріп отырдық.
Сонымен қатар, үндеуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: "Біз Елбасының сара жолымен жүреміз. Халқымыз біртұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі мығым. Алдағы Президент сайлауы осыған дәлел болуы керек. Сондықтан, елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет. Оның үстіне, әлемдегі ахуал бұлыңғыр болып тұр. Бұл Отанымыздың қауіпсіздігіне сын-қатер әкелуі мүмкін. Ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруымыз керек" – деді.
Еліміздің ең басты байлығының бірі – Тәуелсіздік. Татулықты ту еткен елдің болашағын ойлаған Президенттің бұл шешімі өте орынды. Сол себепті де алдағы болатын сайлауға барлығымыз жауапкершілікпен қарап, қолымыздан келгенінше қолдау білдіргеніміз дұрыс. Мәлімдемеде айтылғандай сайлау әділ өтетініне сенімдімін.
Гүлзада Калиева,
№149 Ә.Монтаев атындағы орта мектептің ұстазы.