Басты байлығымыз – бейбітшілік
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеуінде кезектен тыс сайлауға аса жауапкершілікпен қарайтынын мәлімдеді. Біздің еліміз ашық демократиялы мемлекет. Сондықтан, Президент тікелей халықтың таңдауымен сайланады. Әрине, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ халқы үшін жасаған еңбегі орасан зор. Енді келесі Президенттен де халық көп үміт күтеді. Жер-Жаһанда түрлі қақтығыстар мен дүмпулер болып затқан мына заманда, ең басты байлығымыз – бейбітшілік. Сол үшін еліміздің әр азаматы Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолында өз үлесін қосуы қажет деп білемін. Алдағы кезектен тыс Президент сайлауын барлығымыз бірге абыроймен атқарып шығайық.
Есіркеп Шәдібеков,
ардагер, Шиелі ауданының "Құрметті азаматы"