Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Айдос Сарым: Әр қазақстандықтың табысының артуына ықпал етеміз

Айдос Сарым: Әр қазақстандықтың табысының артуына ықпал етеміз

Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатын 7 саяси партия өкілдері арасында тікелей эфирде өткен дебатқа Amanat партиясының атынан Айдос Сарым қатысып, партия қарапайым халықтың жағдайын жақсарту үшін қандай жұмыстар атқаратынын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.



«Әлемдік экономика құбылып тұр, инфляция өсіп жатыр, сауда байланыстары үзіліп, көп жылғы келісім жұмыс істеуін тоқтатты. Мұның бәрі әрқайсымызға әсер етпей қоймайды. Сіздің партияңыз қарапайым халықтың жағдайын қалай жақсарта алады?» деген сұрақ қойды дебат жүргізушісі.
Бұл орайда Айдос Сарым  Amanat партиясының бағдарламасы халықпен бірлесіп жазылғанын атап өтті. «Халықтың мұңын жақсы білеміз, оны біз ғана шеше аламыз» деген партия өкілі елде тәртіп орнататынын алға тартты.
«Біз әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз етеміз. Заңсыз шығарылған капиталдардың қайтарылуына қол жеткіземіз. Жемқорлықпен, олигополиямен, латифундистермен күресті күшейтеміз. Әр отбасының, әр қазақстандықтың табысының артуына ықпал етеміз», деді Айдос Сарым.
Сондай-ақ ол жаңа Әлеуметтік кодекс қабылданатынын айтты.
11 наурыз 2023 ж. 470 0