Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Асхат Аймағамбетов Мәжіліс сайлауына кандидат ретінде ұсынылды

Асхат Аймағамбетов Мәжіліс сайлауына кандидат ретінде ұсынылды



«AMANAT» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізіміне Қазақстан Республикасының бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бекітілді. Бұл туралы партия съезі барысында белгілі болды.

«Бізді алда үлкен науқан күтіп тұр. Бұл бәріміз үшін үлкен сынақ. Партия өзгеріп жатыр, биыл ұсынылған депутаттардың 75 пайызы жаңа адамдар. Бұл белсенді адамдар, өз ісінің мамандары. Менің ойымша, бұл адамдар елімізді әлі де өзгертеді. Жаңадан келген депутаттар ең күрделі мәселелерді, халықтың мәселесін көтеріп, еліміздің одан әрі дамуына үлес қосады деген ойдамын. Қоғам өзгереді, заңдар өзгереді, біз де өзгеріп жатырмыз», деді өз сөзінде Асхат Аймағамбетов.
Делегаттар күн тәртібін бекітті. Съезд барысында партияның сайлауалды бағдарламасын бекіту жоспарланды.
31 қаңтар 2023 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9237)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (9236)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (9235)

07 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30