Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қостанай облысы сапалы интернетке жыл сайын 1 млрд теңге жұмсамақ

Қостанай облысы сапалы интернетке жыл сайын 1 млрд теңге жұмсамақ


фото: Halyq Uni/Еркеғали Болатұлы

Бүгінде Қостанай өңіріндегі ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін жыл сайын 1 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның пікірінше, облыста сапалы интернеттің болуы маңызды.

Биыл тамызда ұялы байланысты дамыту үшін «Қазақтелеком» АҚ-мен (Қостанайда 5G интернетін қосу бойынша) және Beeline компаниясымен (ауылдарды жоғары сапалы 4G мобильді интернетпен қамтамасыз ету бойынша) меморандумға қол қойылды. Бүгінде 492 ауылдың 331-інде сапасы жақсы байланыс бар, - деді Құмар Ақсақалов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Алайда облыс әкімі Қостанай өңіріндегі барлық ауылда интернет тек 2026 жылы болатынын атап өтті.

«Байланыс операторымен бірлескен жұмыстың қорытындысы бойынша 4G стандартындағы мобильді интернет деңгейін 2026 жылдың соңына қарай 100%-ға жеткіземіз. Жылына ең кемінде облыс бюджетінен 1 млрд теңге бөлінеді. Бұған қажет құралды жоғарыда аталған компания қояды. Осылайша, 2026 жылға қарай Қостанай облысындағы барлық ауылда 100% сапалы интернет болады», - деді ол.
24 қараша 2023 ж. 225 0