Beeline «250+» жобасы Қызылорда облысында қалай жүріп жатқанын баяндады
Халық саны аз ауылдарға байланыс таратудың ұялы байланыс операторлары үшін шығыны көп, себебі болашақта қосылатын абонент саны аз болса, желі құрылысына инвестиция салу өзін-өзі ақтамайды. Соған қарамастан, Beeline жеңілдіктер туралы заң жобасы күшіне енбей тұрып, желі құрылысын салуды бастады.
2020 жылы оператордың ауқымды жұмыстарының нәтижесінде Қызылорда облысында трафик тұтыну көлемі 50%-ға өсті. Мысалы, Beeline желісіндегі интернет қолданушы 2019 жылы орта есеппен айына 8,2 ГБ трафик пайдаланса, 2020 жылы 12,3 ГБ тұтынатын болды.
— Қызылорда облысының шалғай орналасқан ауылдары да шапшаң интернетке қосыла алады, адамдар интернет-трафикті көп тұтына алуы үшін желінің сыйымдылығын арттырамыз, сондай-ақ интернет тұрақты әрі шапшаң жұмыс істейтін сапалы трансмиссияға көшеміз, — деп қосты Олег.
Қазір Beeline компаниясы Қазақстанда 9,7 млн абонентке қызмет көрсететінін және Қазақстандағы ең ірі 30 салық төлеушінің бірі екенін естеріңізге саламыз.