Желіге қосылған 10 ауыл
Қазір жастар түрлі әлеуметтік желілерде өте белсенді. Бірі өз парақшалары арқылы танымал болуды ойласа, енді бірі сауда-саттық, бизнесін жүргізу мақсатында қолданады. Түсінгеніңіздей қалтафонды пайдалану, әлеуметтік желілерде төбе көрсету тек бірлікті толтырумен шектелмейді. Қалтафонды қолдану үшін алдымен тұрғылықты жеріңізде желі жүйесінің болуы шарт. Себебі, қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отырған осы – интернет, желі жүйесі. Осы орайда, «Транстелеком» АҚ Қызылорда қаласындағы филиалы «Кызылордатранстелекомның» басқарушы директоры Бағлан Құдияровпен сұқбаттасуды жөн көрдік.
– Қалтафон өміріміздің ең қажетті құралына айналды. Оның қызмет етуі мына сіздердің қызметтеріңіз интернет желісіне байланысты десем, артық айтпаған болармын. Жалпы цифрлы Қазақстан атануымыз барлық азаматтардың сапалы байланысын қамтамасыз етумен байланысты. Осы орайда, интернет желісінің жаңаша өзгерістері бар ма?
– Қалтафон өміріміздің ең қажетті құралына айналды. Оның қызмет етуі мына сіздердің қызметтеріңіз интернет желісіне байланысты десем, артық айтпаған болармын. Жалпы цифрлы Қазақстан атануымыз барлық азаматтардың сапалы байланысын қамтамасыз етумен байланысты. Осы орайда, интернет желісінің жаңаша өзгерістері бар ма?
– Әрине, талшықты-оптикалық желі жүйесін айтуға болады. Бұл қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты қысқартуға бағытталған желі. 2018 жылы «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасын іске асыру барысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде «АЕМ 250+» жобасы бастау алған болатын.
– «АЕМ 250+» жобасының міндеті қандай?
– Жобаның негізгі міндеті – еліміздің 828 аудан-ауылдарындағы 2496 мемлекеттік органдар мен бюджеттік мекемелерді жылдамдығы күшті интернетпен қамтамасыз ету. «АЕМ 250+» жобасы республиканың ірі операторларының күшін біріктірді. Жоба тұрғындар саны 250 адамнан асатын ауылдарда кең жолақты мобильді интернетке қол жеткізу үшін инфрақұрылым құру жобаның басты мақсаты.
– Аталған бағдарламаға сәйкес «АЕМ 250+» жобасын іске асыру барысында Шиелі ауданына қарасты ауыл-аймақтар ене ме?
– Иә, осы жобаны іске асыру барысында 2020 жылдың соңында Шиелі ауданына қарасты 10 ауылға желі жүргізілді. Атап айтар болсақ, Досбол би, Алмалы, Бестам, Еңбекші, Жиделіарық, Байсын, Ортақшыл, Ә.Тәжібаев, Бұланбай бауы, Ботабай. Аталған ауыл тұрғындары 93,5% кең жолақты интернет желісіне қосылды.
Жалпы, Шиелі ауданындағы 10 ауылды, мектеп пен жергілікті әкімшілікті, дәрігерлік амбулатория мен полиция бөлімшесін жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қостық. Осы ауылдарға тартылған ТОБЖ ұзындығы 169,2 км құрайды.
–2021 жылғы жоспармен бөліссеңіз?
– Алдағы уақытта осы ауылдардағы әр үйге интернет желісін өткізу жоспарда бар. Бұл дегеніміз 15 мыңнан аса тұрғын толықтай интернетпен қамтамасыз етіледі деген сөз.
Ақбота Баянбай