Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәжірибе мен шеберлік

Тәжірибе мен шеберлік

Осы аптаның сәрсенбі күні аудандық кітапханада әлеуметтік желіні қолданушыларға арналған семинар өтті. Аудандық ішкі сая­сат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шара «Әлеуметтік желі: тәжірибе мен шеберлік» деп аталды. Оған 14 дербес бөлімнің және 22 ауылдық округтің әлеуметтік желіге жауапты мамандары қатысты.
Семинарды қоғам белсендісі, блогер Жасұлан Жақыпов жүргізді. Ол қазіргі таңдағы ғаламтор желісі туралы айта келіп, оның қоғамдағы маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар көпшілікті әлеуметтік желіде белсенді болуға шақырды.
Ж.Жақыпов жиында интернет желісін пайдалану барысындағы ережелерден бастап, әдебі мен әлеуетін кеңінен түсіндірді, өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың көкейінде жүрген сұрақтардың да жауабын берді. Әлеуметтік желіні тиімді пайдалануды түсіндіру мақсатында өткен шара қатысушылар үшін тағылымды ақпарат алуға мүмкіндік жасады.

Ф.Нышанбекқызы
21 қыркүйек 2019 ж. 758 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031