Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА МҮМКІНДІККЕ ЖОЛ АШПАҚ

ЖАҢА МҮМКІНДІККЕ ЖОЛ АШПАҚ

 Елбасымыз «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына өзгеріс енгізді. Осылайша жаңа латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиін бекітті.
Қазір көпшілік қоғам өкілдері және жастар әлеуметтік желілерде отырады. Осы бекітілген әліпби жарияланған сәттен әлеуметтік желі қолданушылары жоғары баға беріп, өз пікірлерін жариялауда. Мұнда жаңа редакция бойынша латын графикасындағы қазақ әліпбиінде апострофтар алынып тасталып, бірнеше әріп диграф арқылы жазылатын болды.
Сыр өңірінің жастары ел дамуындағы мұндай өміршең өзгерістерді жоба жаңа мүмкіндікке жол ашпақ. Менің ойымша, осы нұсқасы оқуға да, жазуға да ыңғайлы секілді.
Мемлекет басшысының игі бастамасы заман қажеттілігінен туындап отыр. Себебі, қазір интернет, цифрландыру, модернизация заманында өмір сүріп жатырмыз. Болашақ ұрпақ бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Озық технологияларды нарыққа көптеп енгізетін болсақ, жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттігіміз артатыны сөзсіз.
Сонымен қатар, осы нұсқадан байқағанымыз, өзгеріске енетін әріптердің таңбалары компьютердің қосымшасында бар екен. Сол әріптерді компьютердің негізгі түймелеріне шығарып, қиындықсыз жазылатындай ету қажет. Бұны IT мамандары оңай жүзеге асырады деп сенеміз.

Жандос ТҰСМАҒАМБЕТОВ,
«Самұрық» инновациялық идеяларды
дамыту орталығының» директоры.
21 ақпан 2018 ж. 1 091 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930