Жанарсызда жарық әлем

Аталған шара «Жанарсызда жарық әлем» клубының мұрындық болуымен ұйымдастырылды. Сайысқа 12 дойбышы қатысып, бақ сынады. Турнирді аудандық спорт клубының мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жетекшісі Ерлан Зермұхамед жүргізді.
– Біздің мақсат – ерекше қажеттілігі бар жандарды спортқа баулып, өмірге деген құлшынысын арттыру. Яғни қанаттандыру, жігерлендіру, шабыттандыру, – деді.
Байқаудың нәтижесінде ерлер арасында бас жүлдені Н.Әлімбетов жеңіп алса, 1-орынды Қ.Сүлейменов, 2-орынды Б.Әширов, 3-орынды А.Әширов иеленді. Әйелдер арасында 1-орын Қ.Әбсаттарова, 2-орын Қ.Төлеева, 3-орын Б.Переноваға бұйырды.
Бұл күн мереке деп аталғанмен, тәубеге келушілердің қатарын арттырады. Себебі сіз арайлап атқан таң мен қызарып батқан кешті, жақын жанның бейнесін көре алғанымыз үшін бақыттымыз.Басқаға арман болған қолдағы бақытыңыздың бағасын біліп, қадірін ұғынғаныңыз жөн, құрметті оқырман!
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ