Дойбы додасы

Жарысты аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ағыбай Төлегенов ашты. Ол аудан көлемінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам өміріне белсенді атсалысуына жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ олардың ой-өрісін дамытуға тоғызқұмалақ, дойбы жарыстыра жиі-жиі өткізілетінін де тілге тиек етіп, спортшыларға сәттілік тіледі. Көкшоқы мөлтек ауданының спорт кешенінде ұйымдастырылған сайысқа аудан көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі жастар қатысты. Мұндағы мақсат – олардың спорт арқылы потенциалын көтеріп, өзін-өзі таныту, қоғамдағы белсенділігін арттыру.
Дойбыдан жарысқа түскен жастардың өмірге, спортқа деген өзгеше қызығушылықтары көрініп-ақ тұрды. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Ержан Әбілтаев жеңіп алса, ІІ орынды Азамат Хафизов қанжығасына байлады. Ал, ІІІ орын Нұржігіт Абжапбаровқа берліп, арнайы дипломдар және заттай сыйлықтар табысталды.
Ш.Тілеубаев