Жас саяхатшылардың рухани саяхаты
Елбасымыз 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Жолдауында «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп атап көрсеткен болатын. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі балалар үшін көптеген бағдарламалар қабылданып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қалыптасып отырған жағдаятқа байланысты әлеуметтік қызметкерлер де балаға арналған жеке даму бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Ата-ана мен әлеуметтік қызметкерлер бірігіп қызмет атқарса, мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыру және бейімдеу мәселесі өз шешімін табатын болады.
Осы тұрғыда 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай үстіміздегі жылдың 30 мамыр күні Шиелі ауданы бойынша мүмкіндігі шектеулі 52 баланы рухани астанамыз – Түркістан қаласындағы 7 ғасырлық тарихы бар киелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен таныстырып қайттық. Қасиетті рамазан айындағы сауабы мол жұмыспен мемлекеттік тапсырыс аясында «Арман асуы» қоғамдық қоры айналысып, балалардың рухани әлеуметтенуіне зор үлес қосты.
Сапар барысында ата-аналар,
аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің әлеуметтік қызметкерлері, құқық қорғау және денсаулық сақтау органдарының өкілдері ерекше дене қажеттілігі бар балалармен бірге болды.
Жас саяхатшылар киелі орынға тәу етіп, кесене имамымен бірге бабалар рухына құран бағыштады.
Рухани саяхат соңында барлық жолаушылар мешіт алдында естелік суретке түсіп, риза көңілмен аттанды.
«Өскен өңір» ақпарат.