Теннис тартысы

Аталған шараның шымылдығын мүмкіндігі шектеулі балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі С.Көшкінбаева ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тағдыр тауқыметін тартқан жандар арасындағы шараға талас қызықты һәм тартысты өтті. Мұнда көрермен көзайымына айналған ойыншылардың қатары көп болды. Иә, қазір көшеге шығып қайыр тілеп, не болмаса, ата-анасының тапқан табысына жатып ішуге машықтанған он екі мүшесі сау, басы аман, тепсе темір үзетін азаматтарымыз жетерлік. Міне, сол жігіттер Құдай басына сынақ беріп, денсаулығына кінәрат берсе де соған сабыр етіп, мына өмірді сүюге құштар осындай жандардан үлгі алса екен деген ойға келесің.
Бар ынта-жігерімен қатысқан азаматтар жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Жарыс қорытындысы бойынша I орынды Ұ.Амангелдиев иеленсе, II орын А.Смайловқа бұйырды. III орынға Е.Жалғасбай ие болды. Жеңімпаздарға мақтау қағаздарымен қоса түрлі сый-сияпаттар да табыс етілді. Ал қалған қатысушылар да арнайы сыйлыққа ие болды.
Тағдыры ерекше адамдар – қоғамның толыққанды мүшесі. Сондықтан біз әрқашан жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғамнан тыс қалдырмау керекпіз. Осы ретте спорттық жарыстардың ұйымдастырылуының маңызы зор екенін айтуға болады.
Ш.Тілеубаев