Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағдыры ерекше адамдар – қоғамның толыққанды мүшесі

Тағдыры ерекше адамдар – қоғамның толыққанды мүшесі


Жуырда Көкшоқы елді мекеніндегі спорт клубта мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында спорттың бес түрінен аудандық спартакиада өтті. Қатысушылар Шахмат, дойбы, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, пневматикалық мылтық ату сияқты спорт түрлерінен бағын сынап, бар өнерін ортаға салды.

Аталған шараның шымылдығын салтанатты түрде аудан әкімінің орынбасары Тұрмағанбет Жағыпбаров ашып, құттықтау сөз сөйледі. Одан әрі «Үміт» қоғамдық қорының төрағасы Асылбек Смаилов сөз алып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Бар ынта-жігерімен қатысқан азаматтар жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Бәсеке қорытындысы бойынша үстел теннисінен I орынды А.Қалдыбай мен Е.Жалғасбай иеленсе, II орынды Ұ.Амангелдиев жеңіп алды. Ал III орын Ә.Әлімбековқа бұйырды. Дойбыдан I орынды Е.Әбілтаев, II орынды М.Жолдасов, III орынды Ұ.Сейтенов иемденді. Мылтық ату бойынша Б.Айымбетов I орынды, Б.Жүсіпов II орынды, Қ.Яхияев III орынды жеңіп алды. Ал шахматтан О.Айдарғалиев ерекше көзге түсті. Жеңімпаздарға мақтау қағаздарымен қоса түрлі сый-сияпаттар да табыс етілді.
Тағдыры ерекше адамдар – қоғамның толыққанды мүшесі. Сондықтан біз әрқашан жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғамнан тыс қалдырмау керекпіз. Осы ретте спорттық жарыстардың ұйымдастырылуының маңызы зор екенін айтуға болады.


Ф.Кенжешова
23 маусым 2019 ж. 983 0