Ұстаздарға ілтипат
Аудан әкімі Нұржан Ахатов мұғалімдер күніне орай аудандағы ардагер ұстаздарды қабылдады. «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» демекші, ұлы есімді абыроймен алып жүрген барша азаматтарды төл мерекесімен құттықтады.
Осынау қиын жолда жөн сілтеп, тәрбиелейтін жандардың бірі – ұстаз. Талай шәкірттерді тәрбиемен ұштаған, көрген-түйгенін, ілім-білімін үйрететін мамандық иелерін қалай дәріптесек те, құрмет көрсетсек те артықтық етпейді.
Осынау қиын жолда жөн сілтеп, тәрбиелейтін жандардың бірі – ұстаз. Талай шәкірттерді тәрбиемен ұштаған, көрген-түйгенін, ілім-білімін үйрететін мамандық иелерін қалай дәріптесек те, құрмет көрсетсек те артықтық етпейді.
Жиын барысында аудан басшысы ел билеген көсемнің де, сөз бастаған шешеннің де ұстаздан тәлім алып, олардың соқпағы көп өмірде тура жолды табуына тигізген еңбегі өлшеусіз екенін айтты.
Ұзақ жылдар бойы ұстаздық жолда еңбек еткен аудан әкіміне ардагер-ұстаздар ризашылықтарын білдірді.
– Бүгінгі жиын жүрекке сондай жылу, көңілге мейір сыйлар, жас ұрпаққа тәрбиелік мәні зор кеш десем қателеспеймін. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құйып, жұмысқа жауапкершілікпен қарайтын ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Осыны ескеріп, елеп бізге сый-құрмет жасағандарыңызға мың алғыс. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, ұзақ ғұмыр тілеймін. Мерейлеріңіз үстем болсын, – деді ардагер-ұстаз Қали Дүйсеманұлы.
Шара соңында ардагер ұстаздар өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ оларға алғыс хаттар мен гүл шоқтары және естелік сыйлықтар табыс етілді. Аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, мұғалімдерге керемет көңіл-күй сыйлады.
Айнұр ИБРАШЕВА,
Сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТТІКІ