Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаз есімі ұмытылмайды

Ұстаз есімі ұмытылмайды

Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өзгелерді бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Сондай ұстаздардың бірі – Ерғали Кәрібаев еді. Ол көзі тірісінде үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білді. Достарының арасында сыйлы, әрі абыройлы болды. Ең бастысы тәрбиелеген шәкірттері еңбегін ақтай білді. Бүгінгі күні арамызда болғанда 60 жасқа толар еді.
Сенбі күні Ерғали Кәрібаев 35 жылдан астам уақыт қызмет атқарған Ы.Жақаев ауылындағы №149 Ә.Монтаев атындағы орта мектепте еске алу шарасы өтті. Мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен волейболдан өткен турнирін мектеп директоры Жеңіскүл Рыспембетов салтанатты түрде ашып берсе, інісі Ербай Кәрібаев ұйымдастырушыларға алғысын айтып, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Ерғали Кәрібаевпен үзенгілес болған әріптестері сөз өрбітіп, естеліктерімен бөлісті. Турнирге қатысқан командаларға алғыс хат пен сыйлықтар табысталып, ұстаздың есімі ұлықталды.

Е.БАЛТАБАЙҰЛЫ
01 наурыз 2022 ж. 591 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031