Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазмедиа орталығында» Шерхан Мұртазаны еске алу шарасы өтті

«Қазмедиа орталығында» Шерхан Мұртазаны еске алу шарасы өтті



Астанадағы «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Тұлға артына мол мұра, өлмес өнеге мен өшпес із қалдырды. Ол қолына қалам ұстаған қауым үшін сарқылмас қазына, ал журналистер үшін қамқоршы еді. Қаламын қайраткерлікпен ұштаған ұлы тұлғаның есімі ел есінде мәңгілік сақталады. Қазақ әдебиетінде шеберліктің шын болмысы атанған Шер ағаның шығармалары кейінгі ұрпақ үшін алтын қазына іспеттес. Қаралы митингке жазушының әріптестері, үзеңгілес достары, шәкірттері қатысып, естеліктерімен бөлісті. Еске сала кетейік, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі 9 қазан күні шамамен 18:30-да ауыр науқастан көз жұмған болатын. Жазушы қыркүйек айында 86 жасқа толған еді.

24.kz
14 қазан 2018 ж. 1 323 0

Қоғам

Малы саудың жаны сау
11 қыркүйек 2026 ж. 79

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930