Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазақ радиосы" шекараға жақын аймақтарға қолжетімді болады

"Қазақ радиосы" шекараға жақын аймақтарға қолжетімді болады


Биыл Қазақстанның шекараға жақын аймақтарында орналасқан 12 ауданына радиожелісі өткізіледі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
"Республикалық радиохабар тарату тиімді жұмыс атқаруды талап етеді. Мысалы, елімізде "Қазақ радиосын" 2 млн адам тыңдай алмайды, ал "Шалқар" радиосының хабарлары 5 млн-дай тұрғынға жетпейді. Бұл, әсіресе, еліміздің шекараға жақын аймақтарына қатысты. Биыл 12 ауданына радиожелісі өткізіледі. Аталған аудандар Алматы, Оңтүстік-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарындағы шекараға жақын аймақтарында орналасқан және бұл аудандар 300 мың адамды қамтиды", - деп хабарлады министр.
Ведомство бұл жұмысты келешекте де жалғастыруды жоспарлап отыр.
Еске сала кетейік, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.
16 ақпан 2018 ж. 969 0

Қоғам

БАҒДӘУЛЕТТІҢ БӘСІ БИІК

08 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930