Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлағатты ұстаз есімі берілді

Ұлағатты ұстаз есімі берілді


Салтанатты шараның екінші күнінде Жақаев ауылындағы №149 орта мектебінде Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі» және КСРО Халық ағарту ісінің үздігі, Шиелі ауданының құрметті ұстазы, «Ұлағатты ұстаз – Әлиакбар Монтаев» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Конференцияны аудан әкімі Ә.Оразбекұлы жүргізді. Шараға зиялы қауым өкілдері, Әлиакбар Монтаевтың әріптестері, шәкірттері, ізбасарлары, ұстаздар, ауыл тұрғындары қатысты. Ел игілігі үшін бүкіл ғұмырын ұстаздыққа арнаған Әлиакбар Сағындықұлының қоғамдағы, аудан тарихындағы өнегелі өмір жолының маңызы зор. Өткенін білмеген, болашағын болжай алмайды деп бабаларымыз айтқандай, №149 Қызылту орта мектебіне Әлиакбар Монтаевтың есімі беріліп, бюст ашылды.
Конференцияда қазақ ұлттық медицина университетінің стоматология факультеті бойынша интернатура кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты Жаңабай Айтбаев баяндама жасады. Сондай-ақ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әлеуметтік бөлімінің басшысы, философия ғылымының докторы Ардақ Монтаев сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті.
Шара соңында Әлиакбар ұстаздың ұрпақтары әкелерінің көзін көріп, құрметтеген көпшілікке алғыстарын білдіріп, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған әкелерінің есімін аталмыш мектепке беруге атсалысқан ел ағалары мен аудан басшыларына алғыстарын білдірді.

«Өскен өңір» ақпарат.
16 қазан 2018 ж. 1 738 0