Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлағатты ұстазбен өткен сырлы сұхбат

Ұлағатты ұстазбен өткен сырлы сұхбат

Ұстаз да диқан іспеттес. Ол әрбір шәкірттің жүрегіне білім нәрін себеді. Әр шәкіртін жеке аялап, тәрбиелеп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлдеп айтқанда, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді.
Ұстаздар мерекесі қарсаңында Қарғалы ауылындағы №141 қазақ орта мектебінде «Туған жерге тағзым: «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбында батыр ана, қажы, ақын ұлағатты ұстаз Күләш Әбуовамен кездесу кеші өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынған «Туған жер» жобасын жүзеге асыру, мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыру мақсатында өткізілген шараға ауыл әкімі, аудандық білім бөлімі мамандары және ұстаздар қауымы қатысты. Шара барысында ақылы мен білімін ұрпағына айтудан жалықпаған құрмет иесі Күләш Шәкірқызы өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, ұлағатты ұстазға көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Шәкірттер ұстаздарға арнап әсем ән шырқап, кешті көңілді етті.

А.МОЛДАХМЕТҚЫЗЫ.
09 қазан 2018 ж. 3 603 0