Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ізденімпаз ұстаздар

Ізденімпаз ұстаздар

Ұстаз – адамның рухани сәулеткері, қоғамның басты тұлғасы. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап берсе, оқушы мен мұғалімнің абырой-беделін асқақтатып, айшықтап көрсетеді. Қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Ұлағатты ұстаздардың ұлы еңбектерін бағалап, зор құрмет танытып, алғыс көрсету басты парызымыз.
Дүние мың құбылса да, адамзат тірі тұрғанда маңызын жоймайтын мамандықтың ұлысы – ұстаздық қызмет. Жуырда №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің 12 мұғалімі «Тағылым» ғылыми әдістемелік журналына мақала жариялаған. Соның ішінде «үздік мақала» айдарында жазған тың дүниелерімен ізденпаздығының арқасында ­Шырынхан Үмбетова, Меруерт ­Ратаева, Ұлмекен ­Шохан, Айнұр ­Хафизова, Мейрамкүл ­Сауытбаевалар I дәрежелі диплом алса, Бақытгүл Жүсіпхан, Жанат Күздеубаева, ­Сымбат ­Омарова, Ақниет Әбуова, Сәбира ­Сейдахметова, Айдана Сабырхан, Алтын Есжановалар II дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы «Тағылым» жураналына мұғалімдердің мақаласының шығуына үлесін қосып, өзінің қарым-қабілетімен дараланған ­Шырынхан Үмбетова №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің «Ағылшын тілі» пәнінің мүғалімі.Шырынханның білім биігімен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Аталған журналдың директоры Нұрболат Қуандықовтың арнайы алғыс хатымен марапатталған. Шәкірт жүрегіне жол табумен қатар, үлкен ұжыммен тіл табысқан ардақты ұстаздың шәкірттері биіктерден көрініп, білімді, тірбиелі оқушы болып қалыптасуда.
Иә, әлемді жайлаған пандемия білім саласына да салқынын тигізді. Бірақ, бұл тұйықтан білікті мамандар оңтайлы жолын тауып шыға білді. Олар «Тағылым» ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған «Үздік педагогикалық мақалалар атты» республикалық конкурсының «Үздік мақала» номинациясы бойынша 1-ші және 2-ші орындар имдемденіп таным көкжиегін кеңейтті. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген қанатты сөзді басты қағида санаған ұстаздардың ішінде Шырынханның осы «Тағылым» ғылыми-әдістемелік журналымен танысып, алғаш оқыған ойлы оқырмандарының бірі ­Абдолла Нұрлан екен. Ұстазының айтуынша Абдолла кітаптар мен журналдар оқығанды ұнатады. Сабаққа деген қызығушылығы жоғары, барлық сабақтан үлгерімі жақсы, оқуда озаттардың қатарынан көрініп келеді. Білсем, көрсем, үйренсем деп тұратын ынтасы ерекше. Шәкірттері қызығушылықпен оқитын журналға мақала жазып, ой-танымындағы дүниені бөліскен ұстаздардың ізденімпаздығы аңғарылып-ақ тұр. Осылайша ұстаздар ел дамуына елеулі үлес қосуды басты парыз санайды

Шапағат Тілеубаев
23 ақпан 2021 ж. 619 0