Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұрпағы ұмытпаған есім

Ұрпағы ұмытпаған есім

Жуырда Шиелі ауданы, Жиделіарық ауылының әкімі болып қызмет атқарған Ниязбек Мұсабаевты еске алуға арналған волейболдан аудандық турнир өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жасөспірімдерді спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылған турнирге Шиелі ауданындағы мектептерден 7 команда қатысты.Іскерлігі мен білімді маман екенін көрсете білген Н.Мұсабаевты еске алған ауыл азаматтары атқарған біршама істерін тілге тиек етті. Ауылды көркейту-көгалдандыру, мектеп, жол салу, ауыз сумен қамтамасыз ету сынды мәселелерді шешіп, халықтың қамын жеген сыйлы азамат еді. Осы себепті, Н.Жамалдинұлының еңбегін еске алып, оны жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұлы Саламат пен қыздары Салтанат, Гүлманат және аға-інілері жыл сайын дәстүрлі түрде турнир ұйымдастырып, демеушілік жасап келеді. Сондай-ақ, осы жарыстың өтуін аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшылыққа алып, көмек қолын созудан танған емес.
Жарыстың қорытындысы бойынша 7 команда ішінен І орын Бестам ауылы №205 орта мектепке бұйырса, ІІ орын Жиделіарықтағы №206 орта мектептің қанжығасына түсті. Ал, келесі орын Ә.Тәжібаев ауылы №214 орта мектептің еншісінде.
«Өскен өңір» ақпарат.
06 маусым 2018 ж. 1 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930