Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛМАСЫ БАЛ ТАТЫҒАН АЛМАЛЫ

АЛМАСЫ БАЛ ТАТЫҒАН АЛМАЛЫ

Шежірелі Шиелінің құрылғанына биыл 95 жыл толады. Ал осы киелі өлкеден даңқты диқан, атақты ақын-жазушы, Социалистік Еңбек Ерлері шыққаны мәлім. Жалпы былайғы жұрт Шиеліні ақындар мен жазушылар, шайырлар мен сүлейлердің, еңбек ерлерінің елі деп таниды. Мәдениетті, өнерді, әдебиетті, ақ адал еңбекті дәріптейтін өңір деп біледі. Айтса айтқандай-ақ, Сыр бойының маржаны, келбеті мен ажары болып саналатын Шиелінің қай жағынан қарасақ та шоқтығы ерек, өзіндік орны мен салмағы да бөлек.
Шиелі ауданының 95 жылдығына арналған «Ауыл күндері» фестивалі өтіп жатқаны баршамызға мәлім. Бұл фестивальдің мақсаты – халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жас өнерпаздарды қолдау, насихаттау, өзара тәжірибе алмасу, мәдениет пен спорт саласындағы жетістіктерді айқындау, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бағытындағы шараларды ­таныстыру.
Жұма күні орталық алаңда Алмалы және Бестам ауылдарының өнерпаздары халыққа ерекше көңіл күй сыйлады. «Алмалы» ауылы десе, көз алдымызға ең бірінші алма жемісі түсетіні анық. Алмалы ауылында өмірін алмамен сабақтастырған алма бағын түлеткен Әлияр Сейітов тұрады. Оны халық «мұраты асыл мұрап» дейді. Атына заты сай болған Алмалы ауылы ­фестивальге ерекше дайындықпен келген. «Рахым» балабақшасы әзірлеген алмадан жасалған экспонатқа аудан әкімі жоғары баға берді.
Ауыл жастары фестиваль аясында талантымен талайды тамсантып, әрбір жүректе өлең болып өмір сүрген ақын-жазушы Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі Дәулетбек Байдрахманұлының жастық шағы ­туралы қойылым көрсетті. Ақынның өнегелі өмір жолынан көрініс қойды. Одан бөлек дәмі тіл үйірер тағамдар мен сүт өнімдері, балалар салған суреттер галереясынан бастау алған көрме этноауылға жалғасты. Ұлттық өнер, салт-дәстүр көрініс тапқан ауылда кішкентай бүлдіршіннің тұсауы кесілді.
Фестивальге Бестам шаруалары да ауыл бренді – картобы мен бақша өнімдерінен көрме жасап, халыққа ауыл өнімдерін ұсынды. Бұл күнгі өнер фестиваліне қатысқан қонақтар да, көрермендер де үйлеріне қуанышты, жайдарлы көңіл күймен тарқасты.

А.НАЗАРОВА
22 тамыз 2023 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930