Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Көне ғасыр күмбірі»

«Көне ғасыр күмбірі»



Әуелі ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев байқау шымылдығын ашып, жыр-терменің қоғамдағы маңызына тоқталды. Бұдан соң ұлттық өнердің тәрбиелік мәнін дәріптеп жүрген қариялар сахна төрінде бақтарын сынап, «Дала өркениетінің көне мәдениеті», «Ескірмейтін есті сөз» кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Көрерменді сөз саптауымен баурап, ризашылығын алды.

Жыршы Берік Саймағамбетов жүргізіп, белгілі жыршылар Руслан Ахметов, Шолпан Биімбетова, Ақмарал Ноғайбаева қазылық еткен өнер бәйгесі тартысқа толы болды. Ойы мен тілі жүйрік жыршылар байқауында терменің киелі өлкесі саналған Қармақшы ауданынан келген қос термеші – Қ.Кәрібаев пен А.Асқарбаев оза шауып, жүлделі 1-2 орынды бөлісті. Үшінші орын Қызылорда қаласының өкілі А.Шобанбаевқа бұйырды.

Жүлдегерлер ардагерлер кеңесінің дипломы және қаржылай сыйлықпен марапатталды. Өзге қатысушылар да алғыс хат алып, ынталандыру жүлдесіне ие болды. Ұлттық өнерді дәріптеген байқау алдағы кезеңде де жалғасын табады.  

«СБ» ақпарат  
17 тамыз 2023 ж. 245 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930