Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАТАГӨЙЛЕР БАЙҚАУЫ

БАТАГӨЙЛЕР БАЙҚАУЫ

Сан ғасырлар өтсе де, қазақ халқының өзгеріссіз, салты болып қалыптасқан дәстүрінің бірі – бата беру. Ол – тәлім-тәрбиелік мәні айрықша, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болып келе жатқан мұра. Ал осындай құнды мұраны сақтап, өзгелерге дәріптеу адамзат баласы үшін парыз. Осындай мақсатта жуырда аудандық орталық мешітте «Ақ бата» облыстық байқауы өтті.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған тағылымы мол шараға дуалы ауыз, шежіре ­кеуде қариялар қатысып, өскелең ұрпаққа өнеге көрсетті. Облыстың бас имамы Болатбек Әбуов дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеуге үлес қосып жүрген қарияларға алғыс білдіріп, байқаудың шымылдығын ашып, абыз ақсақалдарға ақ жарма тілегін жеткізді.
Додаға салт-дәстүрді дәріптеп, ел құрметіне бөленіп жүрген, қаланың және өз аудандарының намысын қорғап келген 10 абыз ақсақал қатысып, өзара бақ сынасты. Бірінші бөлімде қатысушылар өздерінің қалаған батасын берсе, екінші кезеңде наурыз бата, жас жұбайларға және сапарға шыққан жолаушыға арналған бата түрлерін жатқа айтты. Аталған байқауға Қызылорда облыстық ардагарлер кеңесінің «Жастармен жұмыс істеу, мәдени-көпшілік, спорт жөніндегі» тұрақты комиссия төрағасы Келдібай Бектұрғанов, Еңбек ардагері, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы», қазылар алқасының мүшесі Дәулет Барғанаев, Шиелі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, мәдениет қайраткері, Шиелі ауданының құрметті азаматы Өркен Исмаил қазылық етіп, қариялардың бата берудегі мазмұны, орындау шеберлігі, жатқа айтуы мен қазақы киім үлгісі бойынша бағалады.
Батаның құндылығын ұқтырған байқауда қатысушылардың барлығы бір-бірінен асып түсіп, сайысты қыздыра түсті. Оза шапқандар жеңіс тұғырынан көрініп, алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды. ­Сайыс нәтижесінде, Қармақшы ­ауданынан келген Дәріқұл ­Махамбетов барлығынан оза шауып, жүлделі І орынға ие болды. ІІ орынды Жақай Сақбаев есімді Шиелі ауданының ардагері қанжығалады. Ал ІІІ орынға Қызылорда қаласынан келген Оразбек Бейсов пен Арал ауданының намысын қорғаған Жаңабай Мұсаев жайғасты. Қалған қатыстушылардың барлығына ынталандыру сыйлығы мен, құран кітап, сондай-ақ 10 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық үлестірілді.
Айта кетейік, сайыстың бас жүлдесіне ие болған қармақшылық Дәріқұл Махамбетов республикалық «Ақ бата» байқауында Сыр өңірінің ­намысын қорғайтын болады.

Сымбат СҰЛТАН
20 наурыз 2023 ж. 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930