Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагер ұстазға құрмет

Ардагер ұстазға құрмет

Жуырда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев Сыр бойына белгілі қаламгер, бірнеше кітаптың авторы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ардагер-ұстаз Темірбек Есжановты 75 жас мерейтойымен құттықтады.

Білім саласының ардагері Темірбек Әубәкірұлының ғұмыры ғибратқа толы, жастарға үлгі. Туған ауылы «Таң» кеңшарында механизатор болып еңбек жолын бастаған ол Қызылордадағы Н.Гоголь атындағы педагогикалық институтынан мамандық алып, №118 «Таң» орта мектебінде мұғалім болған. Кейін мектепті, шаруашылықтың кәсіподақ ұйымын басқарады. Ауылдық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, «Таң» шаруашылығының директоры қызметтерін абыроймен атқарған.
Сөйтіп, өзі туған ауылының түлеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосады. Зейнетке шыққаннан кейін шығармашылық жұмысқа ден қойып, тәуелсіз «Ел тілегі» газетінде бас редакторлық қызметін атқарады. Мерейтой иесін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік «Облыстың құрметті ардагері» медалімен марапаттады.
01 ақпан 2023 ж. 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

№81 (9348)

25 қазан 2025 ж.

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930